Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы «Әр қадам — ереже бойынша: ЖҚЕ — қауіпсіздік кепілі!» аясында мектептің ЮИД жас инспекторлары «Қауіпсіз жаяу жүргінші» атты практикалық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар кішкентайларға жол қозғалысы ережелері туралы айтып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткеліндегі жүріс-тұрыс қағидаларын еске салды, сондай-ақ жеке мобильдік құралдарын қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптарына да ерекше назар аударды.
Рубрика: Тәрбие беру жұмысы
“ДосболLIKE” бағдарламасы аясында 3 “А” сыныбында “Мен өзгелерге ұқсамаймын” тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Сынып сағатының мақсаты: қатысушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, өзінің маңыздылығы мен бірегейлігін түсіндіру. Қауіпсіздіктің 10 минутында:балаларды ата-аналарымен ашық қарым-қатынастың маңыздылығын түсінуге үйрету, олардың қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін маңызды нәрселермен бөлісу сенімі мен қабілетін дамыту туралы айтылды. Сынып жетекшісі: Хуандык А.
15 мамыр-Отбасы күніне орай оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу мақсатында 6А сыныбында «Жанұя-ұлттық құндылықтардың бастауы» атты сынып сағаты өткізілді.
«Назар аударыңыз, балалар!» оперативтік-профилактикалық іс-шара барысында 8–11 сынып оқушылары арасында учаскелік полиция инспекторы Жұматаев Д.Қ. «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі», «Құқықбұзушылықтың және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу», «Буллинг», «Мопедтерді, скутерлер мен электрсамокаттарды басқару» тақырыптарында профилактикалық әңгіме жүргізді.
